Денсаулық сақтау министрлігі міндетті медициналық сақтандыру жарнасын төлейтін қазақстандықтар үшін кейбір медициналық қызметтердің тарифтерін төмендету ұсынды. Елімізде МРТ және компьютерлік томография арзандамақ.
Бұйрық 12 тамызда “Ашық НҚА” порталында жарияланды.
“Осы бұйрыққа 7-қосымшамен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерге тарифтер осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын”, – делінген құжатта.
Белігілі бір органдарға жасалатын компьютерлік томография (КТ) және магнитті-резонанстық томографиясы (МРТ) арзандайды:
Жоба 26 тамызға дейін қоғамдық талқыға түседі. Сондай-ақ құрылған күннен бастап 10 күн өткен соң күшіне енеді. Денсаулық сақтау министрлігі жаңа тарифтер 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енетінін мәлімдеді.
Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі омикрон штаммының белең алып тұрғанын айтып, ескерткен еді.