АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КЕШЕУІЛДЕМЕСІН

Уақыты: 22.09.2024
Оқылды: 1518
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Дүниежүзілік алғашқы медициналық көмек көрсету күнінде барлық адам бір-біріне жанашырлық танытқаны жөн. Әрбір адам ең алғашқы медициналық көмектің түрін білуі тиіс. 


Бұл күн шұғыл медициналық көмекке назар аударуға және қарапайым адамдардың төтенше жағдайда өмірді құтқаруға қалай үлес қоса алатынын көрсетуге арналған. Алғашқы көмек көрсетудегі басты рөл, әрине, дәрігерлерге тиесілі. Алайда, әртүрлі жұмыс пен кәсіптегі адамдардың өмірін сақтау үшін медициналық сауаттылығы болғаны жөн.

Бейресми мәліметтерге сүйенер болсақ, күн сайын миллиондаған адам жан тапсырады. Олардың басым көпшілігі алғашқы медициналық көмек көрсетпеудің салдарынан көз жұмады.  Сондықтан да «ҚР Қызыл Ай қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері адамдарға алғашқы медициналық көмек жайлы тегін ақпарат береді. Мысалы, алғашқы медициналық көмек көрсетуге білімі мен біліктілігі бар адам туыстарына, жақындарына, таныстарына немесе бөгде адамдарға көмектеседі. Сондықтан қарапайым әр адам медициналық әдістерді біле отырып, адам өмірін сақтап қалуға үлес қоса алады.

Мұрат МЕДЕРОВ, 
«ҚР Қызыл Ай 
қоғамы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының директоры