Гастрит – бұл асқазанның шырышты қабығының қабынуы. Егер қабыну ұлтабарға көшсе гастродуоденит дамиды.
Гастрит пен гастродуоденит – асқазан-ішек жолының кең тараған сырқаттары. Жер шарында ересек тұрғындар арасында бұл ауру көбірек таралған.
Гастрит екі түрге бөлінеді. Соның бірі – созылмалы гастрит. Бұл дерт асқазан шырышты қабығының (кейде одан да терең қабаттары зақымданады) созылмалы қабынуымен білінеді. Аc қорыту ағзалары ауруларының құрылымында кең тараған сырқат. Созылмалы гастрит – көбіне түрлі жағымсыз факторлардың әсерінен дамиды. Атап айтсақ, тамақтанудың қайта-қайта және узақ уақыт бойы бұзылуы; ащы және құнарсыз тамақ жеу; тамақты тым ыстық күйінде ішу; дұрыс шайнамау; құрғақтай жеу; спирттік ішімдіктер ішу. Ал 75% жағдайда созылмалы гастрит созылмалы холециститпен, соқырішекпен, колитпен және ас қорыту ағзаларының басқа да ауруларымен қоса қабаттасады.
Созылмалы гастриттің жиі кездесетін белгілері: астан соң эпигастрий аумағының қысылып үрленуі; қыжыл; лоқсу; кейде сыздап ауру; тәбеттің төмендеуі; ауыздағы жағымсыз дәм; саусақпен басып көргенде эпигастрийде жеңіл аурсыну сезіледі. Сырқаттың бастапқы кезеңінде асқазан сөлі әртүрлі болуы мүмкін, бірақ көбіне асқазан сөлі секрециясы мен қышқылы төмендейді. Асқазанның секреторлыкқ қызметі қалыпты және жоғары созымалы гастрит әдетте үстіңгі беткейді немесе асқазан бездерін зақымдайды. Ол көбіне жас жігіттерде кездеседі. Бұған тән белгілер: ауырсыну, қыжыл, ащы дәм кекіру, астан соң эпигастрий аумағындағы ауырлық, кейде іш қату. Кей кезде түнде асқазан секрециясы молаяды.
Созылмалы гастриті бар науқастар диспансерлік бақылауда болып, кем дегенде жылына 2 рет дәрігерге қаралып тұруы керек.
Жұлдыз РАХЫМЖАНОВА,
кардиология орталығының кардиореанимация бөлімінің медбикесі
Фото: lik.ua