СЕРТИФИКАТТАН ӨТУ ЖОЛДАРЫ

Уақыты: 25.11.2024
Оқылды: 364
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Денсаулық сақтау саласындағы менеджер – денсаулық сақтау саласындағы операциялар мен қызметтерді басқару, жоспарлау және үйлестірумен айналысатын мемлекеттік ұйымның бірінші басшысы.


Денсаулық сақтау саласындағы менеджерді сертификаттау үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы «Денсаулық сақтау саласындағы менеджерді сертификаттау қағидаларын бекіту туралы бұйрығына сәйкес ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне ұсыныс жолданады. 

«Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттардың тізбесін осы www.egov.kz 3-қосымшасына «электрондық үкімет» веб-порталы www.elicense.kz. арқылы жіберіледі. Бірінші, стандартқа сәйкес өтініш. Екінші, қосымша өтініш. Үшіншіден, «Денсаулық сақтау» және «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыттары бойынша жоғары кәсіптік білім алғандығы туралы диплом. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР бұйрығы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжат. ЭҮШ-те мәліметтер болмаған жағдайда «Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандықтары бойынша қайта даярлау құжаты болуы шарт. Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес басқа мемлекеттерде және халық­­­­­аралық немесе шетелдік оқу орындарында білім алғандығы туралы құжаттары көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы басшы лауазымдарда болғандығы туралы құжат. Осы қағидаларға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы менеджердің басқарушылық қызметіне дайындығы туралы қорытынды. Қызметті алушы осы тармақтарда көрсетілген құжаттарды электронды түрде ұсынады.

Шет тілінде берілген құжатқа қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аударманың электрондық көшірмесі ұсынылады. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған кезде «жеке кабинетте» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жолданады. Стандарттың 8-тармағында құжаттар тіркеледі. Олар құжатты қызмет берушінің басшысына жолдайды. 

Барлық қажетті құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы берген кезде үміткердің «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы жауап келеді. Сондай-ақ қызмет алушыға сертификаттаудың нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі. Сертификаттауға соңғы 5 жылда үздіксіз кәсіби даму іс-шараларын растаған және аккредиттелген ұйымда білімі бағаланған және кейс-тестингтен өткен үміткерлер жіберіледі. Аккредиттелген ұйымның шешімі денсаулық сақтау саласындағы менеджердің басқару қызметіне дайындығын растау туралы қорытынды нысанда 5 жұмыс күні ішінде ресімделеді.

 ҚР тыс жерде жоғары білім алған үміткерлер «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы №8 бұйрығы бойынша білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесіне сәйкес білімі және біліктілігіне сай келеді деп танылған кезде ғана сертификаттауға жіберіледі
 

ҚР ДСМ Медициналық және 
фармацевтикалық бақылау 
комитетінің Жетісу облысы 
бойынша департаменті