Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлемде 285 миллионға жуық адам көру қабілетінен зардап шегеді. Көру қабілеті нашар адамдардың шамамен 90 пайызы дамушы елдерде тұрады.
Көз адам өміріндегі маңызды сезім мүшесі. Жанар арқылы біз әлемді танимыз, өзіміздің қауіпсіздігімізді қамтамасыз етіп, әлеуметтік қарым-қатынастар орнатамыз.
Көру қабілетінің нашарлауы адамның күнделікті өмірін айтарлықтай қиындатуы мүмкін, оны сақтау үшін дұрыс күтім және емдеу шаралары қажет. Көздің қабілетін бақылау үшін жылына бір рет офтальмологқа барған жөн. Бұл ерте кезеңдерде көз ауруларын анықтауға және оларды емдеуге мүмкіндік береді.
Көз жанарын сақтау үшін дұрыс тамақтану да өте маңызды. Көзге пайдалы дәрумені бар тағамды тұтыну қажет. Сонымен қатар, арнайы жаттығулар жасау шарт. Мәселен, егер ұзақ уақыт экран алдында отырсаңыз, әр 20 минут сайын 20 секунд бойы 20 фут (шамамен 60 метр) қашықтыққа көз салып, көзіңізді демалдырыңыз.
Көздің бұлшық еттерін нығайту үшін көзді жоғары-төмен, солға-оңға бұру, шеңбер жасап айналдыру сияқты жаттығулар жасау көру қабілетінің жақсаруына көмектеседі.
Көру қабілетінің төмендеуі мен басқа да көз ауруларының алғашқы белгілерін ерте анықтау маңызды. Атап айтсақ, көздің бұлыңғыр көруі немесе қашықтағы заттарды көрудегі қиындықтар; көздің жанындағы қара дақтар немесе жарықтың жарқырауы; көздің ауырсынуы, қызаруы немесе қышуы; көрудің кенеттен нашарлауы.
Егер осындай белгілер байқалса, дереу көз дәрігеріне бару керек. Көру қабілетін сақтау үшін дұрыс өмір сүру салтын ұстанып, көз жанарына үнемі күтім жасау абзал.
Дильназ Дауренқызы,
Сд-512 тобының
студенті,
жетекші:
Баян Төлеуқызы
ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» МКК