ГАСТРИТ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Уақыты: 25.11.2024
Оқылды: 375
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Гастрит – кең таралған асқазан ауруы болып табылады. Бірақ дұрыс ем мен тамақтану тәртібі арқылы оның белгілерін азайтуға және асқазанның жағдайын жақсартуға болады. 


Аурудың алдын алу үшін асқазанға зиян келтіретін факторлардан аулақ болу және салауатты өмір салтын ұстану қажет. Атап айтқанда, темекі шегуден бас тарту, алкогольді шектеу, дұрыс тамақтану, спортпен оңтайлы шұғылдану және өзін күйзелістен сақтаған жөн. Жиі және көбірек су ішу. Өйткені су асқазанның жұмысын жақсартады және оның қабынуын болдырмайды. Күніне кем дегенде 1,5-2 литр су ішу керек.

Гастритті емдеуде бірнеше тәсіл мен әдіс қолданылады. Ең алдымен, дұрыс тамақтану маңызды. Қатаң диета ұстану асқазанның қабынуын жеңілдетуге көмектеседі. Асқазанға жеңіл тағамдар мен сұйықтықтар  қабылдау ұсынылады, ал майлы, ащы, қышқыл және ауыр тағамдардан аулақ болған жөн. 
Гастрит ауруын арнайы диагностика арқылы анықтап білуге болады. Атап айтқанда, эндоскопия – асқазанның ішкі қабатын тексеру және қажет болса тіндерден үлгі алу; хеликобактер пилори тестін тапсыру,  қан анализін  тексеру, рентгенография  жасау қажет. 

Гастриттің алдын алу және емдеу үшін кешенді тәсілдер қажет. Бұл ауруды ерте анықтап, дұрыс емдеумен басқаруға болады. Дертті  уақытында емдемеген жағдайда асқазанның жарасына немесе басқа асқазан-ішек ауруларына алып келуі мүмкін. Ерте кезеңде анықталған гастритті дұрыс емдеумен толық сауықтыруға болады. Қазіргі кезде гастритке арналған дәрі-дәрмектер мен жаңа емдеу әдістері аурудың ауыр түрлерінің алдын алуға және емдеуге көмектеседі. Қалай десек те  ауру  белгілері байқалған жағдайда дәрігерге жүгіну аса  маңызды. 

Мерей ИЛЬЯСОВА, 
Сд-512 тобының студенті, 
жетекші: Баян Төлеуқызы ШЖҚ «Талдықорған жоғары 
медициналық колледжі» МКК