"Он қазақ" отырған жиында орыс тілінде баяндама жасаған спикер Жетісуда метапнемовирус жоқ екенін жеткізді

Уақыты: 09.01.2025
Оқылды: 1286
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Жаңа жылдың алды 31.12. 2024 жыл мен 07.01.2025 жыл аралығында же дел жәрдемге барлығы 16 159 өтініш тіркелсе, оның 2 652-сі ЖРВИ бойынша шақыртулар. Бұл туралы Өңірлік ком муникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыс тық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанета Нұрманбетова мәлім етті.


Спикердің сөзінше, қазір елімізде және бүкіл әлемде ЖРВИ-дің мау сымдық өсуі байқалады. Бүгінгі таңда вирустардың ең көп таралған түрі – риновирус (36%) болса, респиратор лық синцитиальды вирус 23 пайыз, аденовирус 12 пайыз, коронавирус 11 пайыз , тұмау және парагрипп 9 пайыз, метапневмовирус 1,6 пайыз. Жетісу облысында метапневмовирус тіркелген жоқ.

– Облыстағы барлық емханада күнделікті қабылдау сүзгілері жұмыс істейді. Көрсеткіштер бойынша 1 жасқа дейінгі балалар стационарларға жеткізіледі. Аурудың алғашқы белгіле рі байқалғанда емханада бір жастан асқан балаларды педиатр дәрігер қа былдап, қажет болған жағдайда тиіс ті емдеуді тағайындайды. 31.12.2024 гі) облыстық балалар ауруханасының базасында ашылмақшы екенін де ж. мен 7.01.2025 ж. аралығында ау дандық деңгейдегі стационарларда 419 бала емделді. Облыстық балалар мен облыстық инфекциялық ауруханаларда 265 бала ем қабылдауда.

Вирустар негізінен ауа тамшы лары арқылы берілетінін бәрі біледі. Осыған орай халықты алдын алу шараларын сақтауға ( қолды мұқият жууға, бөлмені желдетуге, қоғамдық орындарда мұрын жолдарын қорғауға, бетперде киюге) және адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болуға шақырамыз, – деді облыстық денсау лық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ж. Нариманқызы.

Баяндамашының айтуынша, жаңа жылдың басталуымен өңір бойын ша 196 нәресте өмірге келсе, оның 4-і егіз. Сондай-ақ ол жақын арада Сарқан қаласында 3 жасқа дейінгі балаларға арналған қамқорлық оңалту орталығын ашу жоспарлануда, дәл осындай оңалту орталығы Талды тілге тиек етті.

Жиын соңында БАҚ өкілдері спикерге сауалдарын қойды.

P.S: Өкініштісі сол, бас пасөз мәслихатының спикері баяндаманы орыс тілінде өрбітті. «10 қазақ отырған жиын неге орысша?!» деген сауалға «спикер қазақша жақсы сөйлей алмайды» деп қайырды. Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бірінші – қазақ тілі болу керек. Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де – тілінде», – деп атап көрсетті. Айтыңыздаршы, біз қашан қазақшаға мойын бұрамыз?!

Сарби ӘЙТЕНОВА