АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 645 КОРОНАВИРУС ДЕРЕГІ ТІРКЕЛДІ

Уақыты: 28.06.2020
Оқылды: 999
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында лабораториялық зерттеу арқылы анықталған 645 коронавирус дерегі тіркелді. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігі мәлімдеді.

Атап айтқанда, Талдықорған қаласында вирус жұқтырғандар 190 адамға жетті. Ал Іле ауданында – 82, Қапшағай қаласында - 71, Еңбекшіқазақ ауданында - 66, Кеген ауданында - 48, Талғар ауданында - 37, Қарасай ауданында - 30, Жамбыл ауданында - 24, Ескелді ауданында – 19, Көксу ауданында – 12, Алакөл ауданында – 11, Кербұлақ ауданында - 11, Панфилов ауданында – 10, Ақсу ауданында – 8, Қаратал ауданында – 8, Текелі қаласында – 8, Сарқан ауданында – 6, Ұйғыр ауданында – 3, Райымбек ауданында – 1 адамнан вирус анықталған.

24 маусым күні барлығы 606 сырқат жазылып шықты. Ал соңғы тәуліктерде КВИ-дің 103 жағдайы тіркелді. Оның 15-і симптомы бар науқас.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"