КОРОНАВИРУС БОЙЫНША ЖАҢА СТАТИСТИКА: АРТЫҚШЫЛЫҒЫ НЕДЕ?

Уақыты: 03.08.2020
Оқылды: 933
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың жағдайларын тіркеу бойынша жаңа статистикасының артықшылықтарын атады. Бұл туралы "Қазақпарат" тілшісі мәлімдеді.

- Біз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа бойынша аймақтық бюросымен бірқатар техникалық консультациялар өткізіп, аурулардың кодтарының жаңа халықаралық жіктелуі бойынша COVID-19 жағдайларын кодтауға және есепке алуға көштік. 1 тамыздан бастап зертханалық расталған COVID-19 жағдайлары, соның ішінде ПТР теріс нәтижесі бар пневмония жағдайлары біріктірілді. Бұл нені білдіреді? Коронавирус жағдайларын кодтау алгоритміне сәйкес, біз қазір U07.1 кодын расталған жағдайлар үшін, ал U07.2 кодын расталмаған немесе ықтимал жағдайлар кездескенде қолданамыз. Бұл дегеніміз, бірінші және екінші кодтары бар пациенттер COVID-19 ауруына шалдыққан адам ретінде тіркелетінін білдіреді, - деді Алексей Цой баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, бірінші кодтың анықтамасы өте айқын. «Бірақ U07.2 коды болған жағдайда коронавирус инфекциясы эпидемиологиялық белгілеріне байланысты, яғни, пациент ауру жұқтырған адамдармен байланыста болған кезде, сондай-ақ, дене қызуы, құрғақ жөтел, интоксикация, тыныс алу жеткіліксіздігі сияқты клиникалық белгілеріне қарай айқындалады», - деді ол.

Оның айтуынша, бұл әдіс ауруға қатысты ахуалды дұрыс болжап-білуге, қажетті ресурстарды, медициналық кадрлар мен төсек орындарды, медициналық бұйымдарды, дәрі-дәрмекті дұрыс жоспарлап, статистиканың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда коронавирус пен өкпе қабынуы аурулары ресми сайтта бірге көрсетіледі. Өкпе қабынуы статистикасы "COVID-19 белгілеріне ұқсас пневмония" деп жазылған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"