ҚАЗАҚСТАНДА ТАҒЫ 43 АДАМ КОРОНАВИРУС ПЕН ПНЕВМОНИЯДАН ҚАЙТЫС БОЛДЫ

Уақыты: 09.08.2020
Оқылды: 943
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 43 адам қайтыс болды. Бұл жайында Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 9 тамыздағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясынан 25 182 адам, оның ішінде, 108 бала емделіп жатыр. Стационарларда - 5 021 пациент, амбулаториялық деңгейде - 20 161 адам бар.

Қауіпті індетке шалдыққандардың ішінде 121 адамның жағдайы ауыр, 29 науқастікі өте ауыр, 38-і жасанды тыныс алдыру аппараттарына қосылған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды