ОЙЫНХАНАЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТОҚТАДЫ: БАС САНИТАРДЫҢ ЖАҢА ҚАУЛЫСЫ

Уақыты: 21.11.2020
Оқылды: 1047
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында 21 қарашадан бастап карантиннің кейбір талаптары қайтадан күшейтілді. Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігері қол қойған жаңа қаулыда жазылған.

Онда өңірде карантиндік шектеулерді ұзарту жайы қарастырылған. Сонымен қатар, жаңа құжатта ойын мекемелері, ойынханалар, казино, ұтысқа ақша тігіп, құмар ойындар өткізетін ғимараттардың жұмысы тоқтатылды.

Жаңа қаулыда қоғамдық көліктердің жұмыс уақытын сағат 23.00-ге дейін ұзарту қажеттігі айтылған. Тамақтану объектілерінің жұмыс уақыты да сағат 7.00-ден 00.00-ге дейін ұзартылды. Бірақ демалыс күндері олардың жұмысына шектеулер қойылады. Сондай-ақ, жаңа қаулыда бассейіндердің (арнайы жаттығудан бөлек) жұмысына да тыйым салынды. Сауналардың да жұмысы шектелді.

Қаулы 21 қарашада, сағат 7.00-ден бастап өз күшіне енді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан