Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖҮЗГЕ ЖУЫҚ САЙЛАУБЕК ПЕН САЙЛАУГҮЛ ТУДЫ

Уақыты: 11.01.2021
Оқылды: 349
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Сайлау күні Алматы облысында 94 сәби дүниеге келді. Бұл туралы "Жетісу" газеті Алматы облыстық перинаталдық орталығына сілтеме жасап хабарлады.

Оның ішінде, 13 сәби талдықорғандық. Олардың 7-уі ұл, 6-уы қыз бала. Алматы облыстық перинаталдық орталық басшысы Қанат Жұмашевтің мәлімдеуінше, сайлау күні өмір есігін ашқан нәрестелер мен олардың аналарының қазіргі жағдайы жақсы. Сәбилерге Сайлау, Сайлаубек, Сайлаугүл сынды есімдер беріліп жатыр.

Орталық директорының айтуынша, биыл бала туу көрсеткіші жоғары. Өткен жылдың 12 айында 6 600 ана босанса, биыл жыл соңына дейін 7 000-ға жетеді деп күтілуде.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"