ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ ӨМІРДЕН ОЗДЫ

Уақыты: 17.01.2021
Оқылды: 1048
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Талғар аудандық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Құлсейітов өмірден озды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Нұрлан Ғаббасұлы Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін дәрігер мамандығы бойынша үздік бітірген еді. Алматы облыстық клиникалық ауруханасында хирургия бойынша бір жылдық интернатурадан өтті. Интернатураны бітіргеннен кейін еңбек жолын Алматы облыстық клиникалық ауруханасында дәрігер-хирург болып жалғастырды, содан кейін Алматы қаласының №1 клиникалық ауруханасында келесі лауазымдарда жұмыс істеді: 1984 жылдан 1986 жылға дейін - функционалдық диагностиканың дәрігер-терапевті, 1986 жылдан 1990 жылға дейін - №2 бөлімшенің гастроэнтеролог дәрігері, 1990 жылдан 1994 жылға дейін - №2 гастроэнтерология бөлімшесінің меңгерушісі, 1994 жылдан 1996 жылға дейін - бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, 1996 жылдан 1997 жылға дейін - бас дәрігер №1 ҚКА (қалалық клиникалық ауруханасы).

1997 жылдан 1998 жылға дейін - Алматы қаласындағы экстремалды медицина орталығы директорының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары. 1998-2000 жылдары - "ҚІД" өндірістік-коммерциялық фирмасы директорының орынбасары. 2000 жылдан 2005 жылға дейін - Алматы қаласы денсаулық сақтау департаментінің медициналық көмекті ұйымдастыру және медициналық қызметтер сапасын бақылау бөлімінің бастығы. 2005 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ШЖҚ "Талғар ауданының ОАА" МКК бас дәрігері болды.

Нұрлан Ғаббасұлы жұмыс барысында өзін жауапты басшы ретінде көрсетті. Үлкен жұмыс тәжірибесі және кең теориялық-практикалық білімі болды. Оның жарқын бейнесі мәңгі сақталады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"