АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 320 ОҚУШЫ КОРОНАВИРУС ІНДЕТІНЕ ШАЛДЫҚҚАН

Уақыты: 17.01.2021
Оқылды: 810
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында оқу жылының басынан бері мектеп оқушылары арасында ковид жұқтырудың 320 жағдайы тіркелген, оның ішінде 20 бала кезекші сыныптарда, 300 бала қашықтан оқыған. Бұл туралы "Жетісу" газеті ведомствоаралық комиссия жұмысы туралы "Телеграм-каналға" сілтеме жасап хабарлады.

Алматы облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бақылауында 400 мыңнан астам бала білім алатын 765 жалпы білім беретін мектеп бар. Санитариялық ережелердің талаптарын сақтау үшін облыс мектептері антисептиктермен, бактерицидті және кварцты шамдармен, еден төсеніштерімен қамтамасыз етілген, жуу және дезинфекциялау құралдарының азаймайтын қоры қамтылған.

Медицина қызметкерлері тарапынан барлық білім беру мекемелерінің қызметкерлері мен білім алушылардың күнделікті таңертеңгілік сүзгісін (термометрия, ғимаратқа кіреберісте қолды антисептикпен өңдеу, аяқ киімнің табанын өңдеу) жүргізеді.

Оқу жылының басынан бері облыс мектептеріне 296 тексеру жүргізілген, оның ішінде, ерекше тәртіп бойынша 50 мектеп тексерілген. Заңбұзушылықтар 22 білім беру мекемесінде анықталып, 1 833 470 теңге айыппұл салынған. Заңбұзушылықтарды жою туралы 22 ұйғарым берілді.

Айта кетейік, Талдықорған қаласындағы мектептер мен гимназияларда қашықтан оқыту 2020 жылдың 21 қаңтарына дейін ұзартылған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"