Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КОВИД ЖҰҚТЫРҒАН 31 АДАМ АУЫР ХАЛДЕ ЖАТЫР

Уақыты: 20.01.2021
Оқылды: 637
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында өткен жылдың көктемінен бері ковидпен сырқаттанудың 8376 жағдайы тіркелді. Қазіргі таңда облыста 31 адам ауыр халде жатыр. Облыс әлі «сары» аймақта тұр. Бұл туралы "Жетісу" газеті Алматы облысының әкімдігіне сілтеме жасап хабарлады.

2021 жылдың 20 қаңтарындағы мәлімет бойынша, соңғы тәулікте індет жұқтырудың 93 дерегі анықталды. Оның 31-і - Талдықорған қаласында, 13-і - Талғар ауданында, 8-ден - Ұйғыр ауданы мен Текелі қаласында, 7-еуі - Панфилов, 5-еуі - Қарасай, 4-тен - Іле және Еңбекшіқазақ, 3-тен - Жамбыл және Көксу,  2-ден - Қаратал және Ескелді аудандарында, 1-1-ден Ақсу ауданы мен Қапшағай қаласында тіркелді.

Алматы облысының ауруханаларында барлығы 538 адам ем алуда. Оның 31-і - ауыр халде, 364 адам амбулаториялық ем қабылдауда.

Ал 19 қаңтар күні Алматы облысында тағы да 93 адам коронавирус жұқтырған. Оның 26-сы Талдықорған қаласында болған. Еске сала кетейік, Алматы облысы 18 қаңтардан бері "сары" аймақта тұр. Көрсеткіштерге көз жүгіртсек, облыстағы аудандар мен қалалар ішінде Талдықорғанда ковидтің таралу қарқыны жоғары.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан