АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БҮГІН 78 АДАМ КОРОНАВИРУСҚА ШАЛДЫҚТЫ

Уақыты: 22.01.2021
Оқылды: 886
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Осы жылдың 22 қаңтарындағы жағдай бойынша Алматы облысы "сары" аймақтан әлі шыққан жоқ. Облыста өткен жылдан бері коронавирустың 8536 жағдайы тіркелді. Бұл туралы "Жетісу" газеті Алматы облысының әкімдігіне сілтеме жасап хабарлады.

Соңғы тәулікте 78 жағдай тіркелді. Оның ішінде, Талдықорған қаласында – 25, Еңбекшіқазақ – 9, Қаратал – 8, Іле – 6, Жамбыл аудандарда – 6, Алакөл, Талғар аудандарда және Текелі қаласында – 4 жағдайдан, Қарасай, Көксу аудандарда және Қапшағай қаласында – 3 жағдайдан, Ұйғыр – 2, Панфилов аудандарда – 1.

Ауруханаларда 569 адам емделуде, оның ішінде, 31 адамның жағдайы ауыр, 375 адам амбулаториялық емделуде.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"