ТАЛДЫҚОРҒАНДА ҮШ МЕМЛЕКЕТТІҢ ШАХМАТШЫЛАРЫ БАҚ СЫНАСТЫ

Уақыты: 14.03.2021
Оқылды: 1332

Талдықорғанда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында шахматтан ашық турнир өтті. Онлайн форматта болған жарысқа әр елден 200-ге жуық шахматшы қатысты. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Ақыл-ой жарысында елімізден бөлек, Ресей, Украина және Қырғызстан мемлекеттерінің шахматшылары бақ сынасты. Кіл мықтылар 800-ден астам партия ойнады.

Бұл сында Алматы облысының намысын қорғаған шахматшыларымыз жеңістің желкенін көтеріп, ел абыройын асқақтатты. Атап айтсақ, Қайсар Сағатбеков 1-орын, Вадим Индустриев 2-орын, Ерназар Исумбаев 3-орын иегері атанды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Талдықорған қалалық спорт бөлімінің және облыстық шахмат федерациясының грамоталарымен, медальдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"