ТАЛДЫҚОРҒАН ӘКІМДІГІ СПОРТҚА ҚАТЫСТЫ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІН ЖАРИЯЛАДЫ

Уақыты: 30.04.2021
Оқылды: 1225

Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі көрсетілетін мемлекеттік қызметтерін жариялады. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 03 шілдедегі заңының 8 бабы 2 тармағына сәйкес, «Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 2-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 3-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» және «Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру» мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді.

Егер 2020 жылы көрсетілген қызмет саны 172 болса, 2021 жылдың басынан бері бұл көрсеткіш 19-ға жетті. «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі №104 бұйрығына сәйкес, «Спортшыларға спорттық разрядтарын және жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушы-спортшыларға және спорт төрешісілеріне біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына келесі өзгерістер енгізілді:

- мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электронды/қағаз түрінде;

- мемлекеттік көрсетілетін қызмет «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады;

- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 10 (он) жұмыс күні;

- мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру куәлік немесе жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру туралы бұйрықтың көшірмесі немесе дәлелді бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

«Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі №97 бұйрығына сәйкес, «Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет келесідей жүзеге асырылады:

- Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету әдісі – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (яғни Халыққа қызмет көрсету орталығы) арқылы;

- Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 1 кезең: көрсетілетін қызметті берушінің тұрғынжаймен қамтамасыз ету туралы шешім қабылдауы – 3 (үш) айдан артық емес; 2 кезең: тұрғынжайды беру – көрсетілетін қызметті алушыдан оң жауап алған сәттен бастап 6 (алты) айдан кешіктірмей;

- Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.

- Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі - тұрғынжайды пайдалану шарты.

«Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

Сурет - ғаламтордан