КӨКСУ АУДАНЫНДА ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ТАМАША ТАРТУ ЖАСАЛДЫ

Уақыты: 27.05.2021
Оқылды: 1128

Балпық би ауылында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай заманауи спорт кешені ашылды. Шараның ашылуына Көксу ауданының әкімі Алмас Әділ қатысып, құттықтау лебізін білдірді. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне орай пайдалануға берілген спорттық нысан толықтай қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ғимаратты салуға республикалық бюджеттен 673 миллион теңге қаржы бөлінген.

Нысанның жалпы аумағы - 3000 шаршы метр. Кешенде ауыл жастары спорттың 12 түрі бойынша жаттығатын болады. Сонымен қатар, көрермендерге арналған 180 адамдық орын бар. Жаңа нысанның ашылуына байланысты 32 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"