"ДОСТЫҚ ДОДАСЫНДА" ЖАСТАР ЖАРЫСҚА ТҮСТІ

Уақыты: 12.10.2021
Оқылды: 1296

Достық үйінде Талдықорған қаласының колледждері арасында "Достық додасы" интеллектуалдық ойынының ашылуы өтті. Іс-шара ел тәуелсіздігінің отыз жылдығына орайластырылған. 


Қараша айында қорытындысы шығатын аталмыш байқауға қаланың он екі колледжінен үш өкілден қатысты. Командалар арасында алдын ала жеребе тасталып,  ойындардың кезегі анықталды. 

Колледж  білімгерлері «Жасырын сөз», «Тапқыр болсаң, тауып көр», «Бәйге» аталымдары бойынша бақ сынайды. Айта кетелік, «Жарыс сөз» кезеңінде командаларға терминдердің мағынасын түсіндіру керек болса,  «Тапқыр болсаң,  тауып көр» кезеңінде жасырылған суреттен мақал-мәтел құрайды. Ал қорытынды кезең «Бәйгеде» түрлі салалар мен бағыттар бойынша сұрақтарға жауап береді. 

«Достық додасы» зияткерлік ойынын агротехникалық және политехникалық колледждердің студенттері бастады. Ақыл-ой жарысында алғашқы командалар тез, епті екенін көрсетті. Бірінші сайыста агротехникалық колледж турнирлік тор бойынша алға жылжыды. Талдықорған қаласындағы өзге колледждер жеребеде белгіленген уақытта бақ сынасатын болады. 

АРДА БИ