САРЫӨЗЕКТЕ АРТИЛЛЕРИСТЕР ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ТУРНИР ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Уақыты: 21.11.2021
Оқылды: 1081

Сарыөзек гарнизоны артиллерия бригадасының бөлімшелері арасында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай шағын футболдан турнир ұйымдастырылды.

Турнирдің негізгі мақсаты – жеке құрамның бойында спорттық дағдыларды дамытып, шеберлігін шыңдау. Сайыста алты команда бақ сынасып, өзара үздіктерді анықтады. Шараға әскери қызметшілердің отбасылары қатысып, ойыншыларға қолдау көрсетті.

Жарыс барысында қатысушылар өздерінің топ аттары мен ұрандарын, ұжымдық ұстанымдарын айтып, командаларын таныстырды.

– Осындай спорттық жарыстар жеке құрамды дене даярлығы деңгейін арттырып, әскери ұжымдарда бірлікті нығайтуға ықпал етеді, – деді бөлім командирі, подполковник Шыңғыс Жұмашев.

Тартысты ойынның қорытындысы бойынша әрбір команда түрлі номинацияға ие болды. Ал ауыспалы кубок бөлімнің үшінші гаубицалық артиллериялық дивизон жеке құрамына берілді.

Осындай елеулі іс-шаралар жеке құрамды нағыз отаншылдық пен дене даярлығын шыңдауға өз септігін тигізетіні анық.

Абзал САРТАЕВ,

Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы, майор

Кербұлақ ауданы

Алматы облысы