МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ СПОРТШЫЛАР НҰР-СҰЛТАННАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Уақыты: 26.11.2021
Оқылды: 1284

Нұр-Сұлтан, Алматы жəне Шымкент қалаларында тірек-қимыл қозғалысы зақымдалған жəне көру қабілеті төмен спортшылар арасында Қазақстан Республикасының VІ спартакиадасы өткен еді.

Бұл спартакиадаға еліміздің 14 облысынан және республикалық маңызы бар 3 қаладан 1700-ден астам спортшы спорттың 19 түрінен бақ сынап, өзара бәсеке қыздырды. Бірнеше күнге созылған намысты жарыста облыстың құрама командасы жүлделі І орынды иеленіп, Жетісу абыройын асқақтатты.

Облыстық құрама команда сапында Жамбыл ауданының мүгедек спортшылар федерациясының төрағасы Серғазы Мұстахимов үстел теннисінен бақ сынап, спорт шеберлігіне үміткер атанды.

Міне, осылайша мүмкіндігі шектеулі спортшылар өздерінің өмірге, спортқа деген махаббатының арқасында жеңіске жетіп, жүлдемен оралды. Оларға алдағы намысты додаларда да топ жарып, жеңісті күндері жүздескенше деген тілек арнаймыз.

Елдар ЖАҚЫПБЕК

Жамбыл ауданы

Алматы облысы