МҰҒАЛІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ТУРНИР

Уақыты: 20.11.2021
Оқылды: 590

Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің және №2 орта мектеп ұжымының ұйымдастыруымен, аталмыш мектеп базасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығы, 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні мерекесіне және «Салауатты өмір салты» жобасы аясында волейболдан қалалық мектеп мұғалімдері арасында Талдықорған қаласының турнирі өтті.

Мектеп ұжымдары арасында достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған бұл турнирдің жеңімпазы №18 орта мектеп ұжымы болды,  2 орынды №10 орта мектеп командасы иеленсе, 3 орынды №2 орта мектеп командасы иеленді.
Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің кубоктарымен, медальдарымен және дипломдарымен марапатталды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"