ВЕЛОШАБАНДОЗДАР ТЕКЕЛІДЕ БАС ҚОСТЫ

Уақыты: 03.06.2022
Оқылды: 1415

Текеліде велоспорттың BMX түрінен 2006-2007,  2008-2009 жылғы жасөспірім ұлдар және қыздар арасында «Жетісу шұғыласы» атты республикалық жарыс өтті.

 Дода Алматы облысы «Жетісу» велоспорт федерациясының мұрындық болуымен өтті. Кіл мықтылар жиналған сайыс тартысқа толы болды. Жарыс қорытындысы бойынша 2006-2007 жылғы жасөспірім ұлдар арасында 1-орынды Нариман Мұратали, қыздар арасында Аделина Мирошкина жеңіп алды. 2008-2009 жылғы жасөспірім ұлдар арасында 1-орынды Богдан Китадзе, қыздар арасында Айгерім Смаилканова еншіледі.         

ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ