Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ АЛМАТЫ МЕШІТТЕРІНДЕ СПАРТАКИАДА ӨТЕДІ

Уақыты: 24.08.2022
Оқылды: 1206
Бөлім: АЛАМАН

Азаматтардың дұрыс бағытта жүріп, олардың тура жолдан таймауы үшін Алматы қалалық дін істері басқармасы дәстүрлі исламның сан ғасырлық дұрыс өнегесін насихаттап келеді. Тіпті, діндар азаматтардың спортпен үздіксіз айналысуы үшін де бар жағдайды жасауда. Сондай спорттық шара - Конституция күніне орайластырылған кезекті спартакиада 26 тамыз күні алып шаһар Алматы қаласының бес бірдей мешітінде өтеді.

Қала тұрғындарын спортпен үздіксіз айналысуын қамтамасыз етуге арналған бірегей жобаның мақсаты – қала тұрғындарын жүйелі түрде дене тәрбиесі мен спортқа тарту, бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Дәстүрлі діндер арасындағы ауызбірлік пен татулықты, тыныштық пен тұрақтылықты, бейбітшілік пен ынтымақты дәріптеу.

Спартакиада барысында арқан тарту, асық ату, армрестлинг, қошқар көтеру, гір тасын көтеру және тоғызқұмалақ секілді спорт түрлерінен бақ сыналады.

Спорттық шара «Ұлттық мұра» бағдарламасы мен Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқармасының басшылығымен бірлесе жүзеге асырылады.   

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылардың бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

Өтетін орындар: Алматы орталық мешіті, «Нұр-Мүбарак» мешіті, «Абдулла» мешіті, «Мұхаммед әл-Әмин» мешіті, Д.А.Қонаев атындағы мешіт.

Өтетін уақыты: 26 тамыз 2022 жыл. Барлық мешіттерде жұма намазынан кейін сағат 14:00-де бір мезгілде басталады. Байланыс телефондары: +7 747 410 07 01, +7 701 436 52 07.

Әзиз ТАСТАЕВ

Алматы қаласы

Сурет ғаламтордан алынды