ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҰСТАЗДАР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ     

Уақыты: 19.01.2023
Оқылды: 954

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің профессорлық оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында спартакиада өтті.

Дәстүрлі түрде өрнек тауып келе жатқан спартакиада биыл 51-ші рет ұйымдастырылып отыр. Аталмыш додаға жаратылыстану, гуманитарлық ғылымдар, техникалық ғылымдар, құқық және экономика, педагогика және психология жоғары мектептерінің және ректор командасы қатысты.

Волейбол, футзал, жүзу, стол теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, арқан тартыс, гір көтеру сынды 8 сайыс түрінен бәсекеге түскен құрамалар арасында жалпыкомандалық есепте жаратылыстану жоғары мектебі І орын иегері деп танылып, 100 мың теңгелік сертификатқа ие болды. ІІ орынға техникалық ғылымдар жоғары мектебі, ІІІ орынға ректор командасы жайғасты.

Спорттың жекелей түрлерінен жүлделі орынға ие болғандар басқарма төрағасы-ректордың Мақтау грамотасымен марапатталып, медаль тағынды. Атап айтқанда, Күлсім Тұрсынбаева волейболдан үздік қорғаушы, Дигай Дамир футзалдан үздік қорғаушы, Жұмағали Есенбек шахматтан үздік ойыншы, Жамбұл Қанағатов волейболдан үздік ойыншы, Болат Сериев футзалдан үздік ойыншы, Венере Бурнашева стол теннисінен үздік ойыншы, Мадина Әлікбаева  волейболдан үздік ойыншы атанды. Ал Ілияс Есенғабылов гір тасынкөтеруден I орын алды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"