Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА АРДАГЕР ДОЙБЫШЫЛАР СЫНҒА ТҮСТІ

Уақыты: 23.01.2023
Оқылды: 782
Бөлім: АЛАМАН

Абай атындағы мектеп-гимназиясының мәжіліс залында дойбышылар бас қосты.

Бұл жарыс - ардагерлер арасындағы Жетісу облысының жекелей чемпионаты. Екі күнге созылған жарысқа облыстың бес ауданы және Талдықорған қаласынан барлығы 34 спортшы қатысты. Дойбышы ардагерлер түрлі жарыстарға қатысып, Жетісу өңіріне танылып қалған.

Жарыстың әр кездесуі қызықты өтті. Өйткені, олардың бәрі де "жеңімпаз" атанудан үміткер. Жастары 60-тан дойбышылар арасында Шәріпбек Уағызов жеңімпаз атанды. Нүсіпбай Әбдірахымов пен Дәуренбек Уанов өзара екінші, үшінші орындарды бөлісті.

Осындай жас мөлшерінде әйелдер арасында өткен сайыста талдықорғандық Гүлзада Бердешева ешкімге дес бермей, жарыс жеңімпазы атанды. Екінші орынға оның жерлесі Аманқайша Рысалова көтерілсе, жүлделі үшінші орынды Ескелді ауданының өкілі Гүлнар Тұңғышбаева және Қаратал ауданынан келген Галина Ким иеленді.

50 жасқа дейінгі ерлер арасында арасында талдықорғандық Берікбол Садықов, ал әйелдер арасында оның жерлесі Марал Нұрғалиева бас жүлдеге ие болды. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер Жетісу облыстық спорт басқармасы тарапынан арнайы дайындалған дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Алуа ОСПАНЖАН

Талдықорған қаласы,

Жетісу облысы