6 ЖАСАР ХАМЗА МАРЛАНҰЛЫ "ҮЗДІК ШАБАНДОЗ", ӘКЕСІ МАРЛАН БЕКТЕНОВ "ҮЗДІК БАПКЕР" АТАНДЫ

Уақыты: 26.01.2023
Оқылды: 1812

Алматы қаласында «Бәйге» федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ұлттық ат спорты бәйгелерінің өткен жылды қорытындылау кеші өтті. 

Үздіктер ішінде Ескелді ауданы Жалғызағаш ауылынан барған әкелі-балалы Марлан Бектенов пен Хамза Марланұлы да болды.   
Осыған дейін «Талдықорған қаласының үздік шабандозы» атағын алған Хамза Марланұлын  «Бәйге» федерациясы еліміздегі жалпы бәйгелердің жетістігі мен үздік көрсеткіші үшін «Үздік шабандоз» атағымен марапаттады. Ал оны баулыған әкесі Марлан Бектеновке «Үздік бапкер» марапаты табысталды. 6 жастағы шабандоз «Жұмыр тұяқ» атымен талай республикалық бәйгеде көзге айрықша түсіп жүр. Аламан бәйгенің алдын бермей үш мәрте «Lada granta» көлігін жеңіп алды. Уақыт өткен сайын нәтижесін үстемелеп келе жатқан Марлан келер жылдан да ерекше үміт күтеді. Сол мақсатта өзін де, тұлпарын да бір сәт дайындықсыз қалдырмауға барын салмақ.

Серік ҚАНТАЙ,
Ескелді ауданы