ТАЛДЫҚОРҒАНДА КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

Уақыты: 31.01.2023
Оқылды: 1545

Талдықорғандағы "Жастар" спорт сарайында көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасында Жетісу облысының ашық чемпионаты өтті. Жаңадан отау тіккен облыс ретінде, гимнасттардың бұл бірінші бас  қосуы. Алғашқы жарыстың салмағы да ауыр. Ұйымдастыру алқасы жан-жақты дайындық жасағаны байқалады. Спортшылардың өз деңгейінде өнер көрсетулеріне мүмкіндік мол болды.
Бұл Жетісу өңірінің ашық чемпионаты болғандықтан көршілес облыстардың, атап айтсақ Жамбыл, Алматы, Қызылорда облыстары және Алматы қаласының да жас спортшылары қатысты. 130 гимнастшы жас мөлшерлеріне қарай екі күн бойы өнер көрсетті. Шеберлігімен шыңдалғандар арасында Алматы қаласынан келген Полина Фролова топ жарды. Оның жерлесі Ажар Рыспек екінші орынды, ал Жетісу облысының өкілі Мерей Жақып пен алматылық Елизавета Матвеева өзара үшінші орынды бөлісті.
2009 жылы туған спортшылар арасында Назерке Маратқызы "чемпион" атанды. Жарыс тұғырының екінші сатысына София Орловская, үшінші сатысына Айым Төлеуғалиқызы көтерілді. Бұл спортшылардың бәрі де жетісулықтар.
010 жылы туғандар арасында талдықорғандық Алуа Арланқызына тең келер жан болмады. Оның жерлестері Лағыл Бекеева мен Новая Каролина екінші, үшінші орындарға жайғасты. Сондай-ақ, алматылық Камила Төлеубаева да үшінші орын иегері болды
2011 жылы туған споршылардың ішінде Алиса Камолова "үздік" деп танылды. Ал, Анастасия Теряева, Әмина Амина,Милана Дадочкина, София Орловская және  Ясмина Кондакирова жүлдегерлер қатарынан көрінді. Бұл жас спортшылардың бәрі де Жетісу облысының намысын қорғағандар.
Ал, 2012 жылы туған гимнасттар арасынла Ева Тимошина ешкімді алдына жібермей, жарыс жеңімпазы атанды. Елена Горбачёва мен Еремкина чемпионаттың күміс жүлделеріне ие болды. Сондай-ақ, Адема Маликова мен Айлин Смағұлова жарыстың "қола" жүлдегерлері атанды.
       

Алуа ОСПАНЖАН,
Жетісу облысы