ЖЕРЛЕСІМІЗ ТОП ЖАРДЫ

Уақыты: 10.02.2023
Оқылды: 1509

Бұл күндері Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджейра қаласында "Таэквондо WT-дан "Fujairah Open G-2"  рейтингтік халықаралық турнирі жалғасуда.

Дәстүрлі жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен жасөспірімдер келген. Олардың бәрі де жастарына қарамастан талай ірі жарыстарда топ жарғандар. Осындай беделді жарыста Жетісу өңірінің таэквондошыларының қатысулары да үлкен мәртебе. Әзірге біздің жерлесіміз Амангелді НҰРАЙ кадеттер арасында 41 келі салмақ дәрежесінде бар қарсыластарын тізе бүктіріп, турнир жеңімпазы атанды. Амангелдіні жетісулықтар атынан зор табысымен құттықтаймыз. Ал, тағы бір жерлесіміз Дамира БУРАНБАЙ турнирдің қола жүлдегері атанды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"