"КӨҢІЛДІ СӨРЕ": ҰСТАЗДАР ЖАРЫСТЫ

Уақыты: 17.02.2023
Оқылды: 459

 «Салауатты өмір салты» жобасы аясында Талдықорғандағы №2 орта мектепте әдістемелік бірлестік мұғалімдері арасында  «Көңілді сөре» эстафеталық жарысы өтті.

Қимыл-қозғалысты жетілдіру мақсатында өткен сайыста қатысушылар жылдам жүгіруге тырысты. Жеңіске деген жігерлігін көрсетіп, барынша өнер көрсеткен ұстаздар жиналған көрермендерді тәнті етті. Тартысты өткен бәсекеде 1-орынды бастауыш орыс сыныбы, 2-орынды ағылшын пәні мұғалімдері, 3-орынды бастауыш қазақ сыныбының ұстаздары жеңіп алды. Сайыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер Мақтау қағазымен марапатталды.

Азамат ОМАРБЕКОВ,
№2 мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі
Талдықорған қаласы