КӘУСАР ТОП ЖАРДЫ

Уақыты: 19.02.2023
Оқылды: 1235

Талдықорған қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің мұрындық болуымен дойбыдан 9-11 жас және 13-15 жастағы жасөспірімдер арасында қалалық іріктеу жарысы өтті.

Ақыл-ой жарысы тартысқа толы болды. Әр спортшы барын салып, ақыл-ой жарысында тапқырлығымен танылуға тырысты. Додада мектебіміздің оқушысы Кәусар Жұмажан 10 жасқа дейінгі балалар арасында 1-орынды жеңіп алды. Жас спортшымызды жарқын жеңісімен құттықтаймыз! Алар асуың биік болсын.

Нұрлан СЕЙТКАЗИНОВ, 
№2 мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі 
Талдықорған қаласы