ДЖИУ-ДЖИТСУДАН АЛТЫН АЛДЫ

Уақыты: 25.02.2023
Оқылды: 1543

Тайландтың астанасы Бангкок қаласында джиу-джитсудан ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Аталмылмыш жарысқа 33 мемлекеттен 550-ге жуық спортшылар келіп, өз елінің намысын қорғауда. Қазірдің өзінде жекелеген сайыстарда жеңімпаздар есімі белгілі. Файтинг бөлімінде 56 келіге дейінгі салмақта сынға түскен жерлестеріміз Самат Сәрсенұлы мен 85 келіде күш сынасқан Қуандық Есенеев алтын медальға ие болды. Осы салмақ дәрежесінде кілемге шыққан тағы бір жетісулық Жандос Нұрмұханбетов күміс жүлде алды. Ал, 62 келі салмақ дәрежесінде Аслан Қанатбек жарыс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Бангкокта өтіп жатқан Азия чемпионаты 1 наурызда аяқталады.

Алуа Оспанжан