"ЖОҒАРЫ МӘДЕНИЕТ ҮЛГІСІН КӨРСЕТТІ": МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ РЫБАКИНАНЫ ЖЕҢІСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Уақыты: 20.03.2023
Оқылды: 891

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакинаны WTA 1000 турнирдегі алғашқы жеңісімен құттықтады.

Президент өз құттықтауында бұл жетістікті мұқалмас ерік-жігер мен спорттағы жоғары мәдениет көрсеткіші екенін атады.

"Индиан-Уэллстегі беделді турнирде жарқын жеңіске жеткен Елена Рыбакинаны құттықтаймын! Біздің спортшымыз асқан шеберлігін, жеңіске деген мұқалмас ерік-жігерін және спорттағы жоғары мәдениет үлгісін көрсетті. Елена әлемдегі үздік корттарда жаңа жетістіктерге жете береді деп сенемін!" - делінген Президенттің Instagram-парақшасындағы жазбасында. 

 

Сурет: ашық дереккөзден

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ