РЫБАКИНА – ҮЗДІК

Уақыты: 25.03.2023
Оқылды: 1111

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-та өткен Индиан-Уэллс турнирінде жеңімпаз болды. Финалда беларус Арина Соболенконы (әлемнің 2-ракеткасы) 2:0 көрсеткішімен ұтты. Рыбакина 1-сетте 6:6 есебімен тең болып, кейін тайбрейкте 13:11 есебімен басым түссе, 2-сет 6:4 нәтижесімен аяқталды. Рыбакина  карьерасындағы 12 финалдың төртіншісінде жеңіске жетіп отыр.

Рыбакина – Индиан-Уэллс турнирінде әлемнің бірінші және екінші ракеткасын жеңген алғашқы теннисші. Елена жартылай финалда поляк Ига Швентекті (Әлемнің 1-ракеткасы) 2:0 (6:2, 6:2) есебімен жеңіп, жарыстан шығарған.
Рыбакина – WTA 1000 турнирінде жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық. Енді әлемдік рейтингте 10-орыннан 7-орынға көтеріледі. Бұл – қазақ теннис тарихындағы ең үздік көрсеткіш. 
Еуроспорт телеарнасының теннис сарапшысы швециялық Матс Виландер әйелдер арасында «үш мықты» деп Елена Рыбакина, Ига Швентек, Арина Соболенконың есімін атады.

Серік ҚАНТАЙ