Жәнібек Әлімханұлына жаңа қарсылас ұсынылды

Уақыты: 20.11.2023
Оқылды: 798

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) британиялық Нэтан Хинимен (18-0, 6 КО) жұдырықтасуы мүмкін, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Бокс туралы танымал Twitter-аккаунт Boxing Waffle бұл кездесуді келесі жылы Сток-он-Трентте (Англия), яғни Хинидің туған қаласында өткізуді ұсынды. Британиялық фанаттар бұл бастамаға әлеуметтік желілер арқылы қолдау білдірді.

Айта кетейік, Нэтан Хинни төрешілер шешімімен Дензел Бентлиді (18-3-1, 15 КО) жеңіп, орта салмақтағы Британия чемпионы атағын жеңіп алды.

Осыған дейін промоутер Фрэнк Уоррен Хиниге, егер ол Бентлиді жеңетін болса, әлем чемпионы атағы үшін кездесу ұйымдастыруды уәде еткен. Енді оның қарсыласы өзге емес Жәнібек Әлімханұлы болады деген болжам бар.