"АЙҚАРАКӨЗ" КОМАНДАСЫ ЖАБЫЛДЫ

Уақыты: 14.06.2024
Оқылды: 274

Үш маусым бойы ел чемпионатында ойнаған «Айқаракөз» келесі маусымда болмайды. 


Бұл жөнінде команданың директоры Нияз Жантілеуов «Бірінші кезекте облыстағы экономикалық жағдайға байланысты бюджетті үнемдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сол себепті  Ұлттық лигада екі команданы қаржыландыру мүмкін болмай тұр. Ал екінші жағдай - ұлдар командасының Ұлттық лигада ойнауы және оларға да талап қойылды. Сол талапты орындау үшін барын салып жатыр. «Айқаракөз» жанкүйерлер ықыласына бөленген команданың бірі. Ойыншыларды іріктеу жағынан да жақсы көріне білді. Көпке дейін ел есінде болатындығы анық. Бұл бізге де өте ауыр  тиді» дейді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"