ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНДА ЕЛІМІЗДІҢ ТУЫН ҰСТАП ШЫҒАТЫН СПОРТШЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Уақыты: 04.07.2024
Оқылды: 326

Франция астанасы Парижде өтетін олимпиада ойындарының ашылуында Қазақстанның туын ұстап шығатын спортшылар белгілі болды. 


Парижде өтетін төртжылдықтың басты додасында Қазақстанның туын алып шығатын спортшылар белгілі болды. Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафронова туды алып шығу құрметіне ие болған. Одан бөлек, грек-рим күресінің шебері Нұрсұлтан Тұрсынов пен семсерші Әйгерім Сарыбай да туды алып шығу мүмкін спортшылардың қатарына қосылған.

Айта кетейік, Токио олимпиадасында Қазақстанның жалауын боксшы Қамшыбек Қоңқабаев пен Ольга Рыпакова алып шыққан болатын.