Оқи отырыңыз
Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары мен қонақтары!
6 шілде - Астана күніне орай өтетін облыстық жүгіру марафонына қатысуға шақырамыз! Жарысқа қатысушылар «Жастар» спорт сарайынан бастап, «Бесарыс» стадионына дейін жүгіріп өтеді.
Сондай-ақ, осы күні, осы сағатта жаяу жүгірушілер марафоны облысымыздың
8 ауданының орталықтары мен Текелі қаласында да өтеді.
Сыйлықтарға тоқталсақ, әр жас санатындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы сыйлықтармен марапатталады.
Марафонға тіркеу сағат 8-30-да «Жастар» спорт сарайында басталады
Келіңіздер, қатысыңыздар! Сенің марафоның – сенің жеңісің!