Ресейдің Якутск қаласында VIII Халықаралық «Азия балалары» ойындары өтті. Саха жерінде өткен сынға 25 мемлекеттен 25 спорт түрі бойынша 239 медаль сарапқа түсті. Елімізден барған 202 спортшы 21 спорт түрінен жарыс жолына шығып, 107 жүлдеге (17 алтын, 31 күміс, 59 қола) ие болып, жалпы кестеде 7-орын алды.
Төрт жылда бір өтетін жарыстың бәсі жоғары. Азия құрлығын қамитытн елдерден жинғалған 16 жасқа толмағандар арасындағы тартыстың жөні басқа. Еліміздің намысын қорғаған спортшылар ішінде еркін күрестен 57 келіде кілемге шығып қола алған Аман Сүлеймен, самбодан 47 келі салмақта қол алған Қарақат Рахыбай сынды жетісулықтар да бар. Жүлдегерлерді жетісулық жанкүйерлері, спорт басқармасындағы қызметкерлер Алматы әуежайынан салтанатпен күтіп алды. Жиналғандар жас спортшылардың болашағына мол сеніммен қарайтындығын айтты.
Келесі XI жазғы ойындар (2028) және 2027 жылы болатын ІІІ қызқы «Азия балалары» ойындарының қайда өтетіндігі әлі белгісіз.
"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"