Оқи отырыңыз
Парижде өткен Олимпиадада бокстан күміс жүлдеге ие болған Нұрбек Оралбай келесі жолы барын салатынын айтты.
Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
"Өкінішке қарай, 2-орын болып қалды. Сіздер үшін алтын алғым келіп, қазақ елін қуантып, әнұранды шырқатқым келген еді. Осы жолы бұйырмапты. Келесі Олимпиада ойындарында барымды салып, Алла қаласа, елге абыроймен оралып, қазақ елін, қуантамын деп ойлаймын", - деді боксшы.
Айта кетейік, қазақстандықтар Нұрбек Оралбайды әуежайдан күтіп алды.
Еске салайық, Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанып, финалда украиналық Александр Хижнякқа жол берді.
Фото: Massaget.kz