ЕКІ ЕЛДІҢ ДОСТЫҒЫ ҚЫМБАТ. КӨКПАРДАҒЫ ДАУДАН КЕЙІНГІ ПРЕЗИДЕНТ КӨМЕКШІСІНІҢ ЖАЗБАСЫ

Уақыты: 12.09.2024
Оқылды: 330

Мемлекет басшысының шешімімен елімізде ұйымдастырылған V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары жоғары деңгейде өтіп жатыр. Бұл тек спорт сайысы емес, еліміздің мәдениетін, төл өнерін, ұлттық құндылықтарды танытатын бірегей мүмкіндік

Бүгін Қазақстан мен Қырғызстан арасында көкпардан өткен финалдық бәсекені тамашаладым. Аса тартысты өткен сайыста еліміздің көкпаршылары жоғары шеберлік пен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қарсыластарынан 5-4 есебімен басым түсті. Барша жанкүйерді құттықтаймын! 

Көкпар - қазақ пен қырғызға ортақ, сонымен бірге спорттық сайыс. Дегенмен, бәрінен де қымбат дүние – екі елдің достығы мен татулығы. Осындай қымбат құндылығымыз одан әрі нығайтып, ынтымағымыз әрқашан берік ұстайық!

Руслан ЖЕЛДІБАЙ

Президенттің ішкі саясат  мәселелер

және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі