Жетісу облысының орталығы Талдықорғанның қала мәртебесін алғанына 80 жыл толуына орай шаһарда түнгі велошеру өтті.Қала әкімдігінің қолдауында өткен спорттық іс-шараға өңір тұрғындарымен бірге кәсіби велосипедшілер, мемлекеттік қызметкерлерденжалпы 200-ге жуық адам қатысты.
Жиналған қауым алдында сөз алған Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл түнгі велошеруге қатысуға келген барша қауымды қаланың мерейлі мерекесімен құттықтап, мұндай шаралардың бұдан былай да жалғасын табатынын жеткізді.
Ұйымдастырушылардың сөзінше, түнгі велошеру Талдықорғанда осымен 5 мәрте ұйымдастырылып отыр.Шараның басты мақсаты – бірішіден, жұртқа салауатты өмір салтын ұстануды кеңінен дәріптеп, бұқаралық спорттың дамуына қолдау көрсету болса, екіншіден, қаланың бүгінге дейін жеткен жетістігін паш ету. Бұл жолы Талдықорғандағы Қадырғали Жалаири даңғылынан бастау алған түнгі велошеру қаланың орталық алаңда түйінделіп жалпы 7 шақырымды құрады.
Осы орайда бұл велошеруге белсенді атсалысқан «BIKE TEAM», «Velopark.tdk», «Velofiends» және Velotrveltekeli велосипедшілер қауымдастығының өкілдері ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдіріп, айрықша алғысын айтты. Шара барсында шеруге қатысушылар арасында лоторея ойындары ойнатылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.Соңы аймақ өнерпаздарының рэтро әндерінің концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Айдын КӘЛІМХАН