Қазақстандық 18 боксшы әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Уақыты: 29.10.2024
Оқылды: 308

Бокстан Будвада (Черногория) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионаты жалғасады. Қазақстаннан 18 боксшы ширек финалға шықты, - деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы msports.kz сайтына сілтеме жасап. 

18 боксшының тең жартысы бүгін 1/4 финалдағы жекпе-жектерін өткізеді. Күндізгі сессиядағы кездесулер Қазақстандағы уақытпен сағат 18:00-де басталады. Кешкі сессия жекпе-жектері 22:00-ге жоспарланған.

Күндізгі сессия

- 48 келі. Әнел Әбдірасылова - Хуанита Эрера (Колумбия)
- 63 келі. Аружан Жаңабаева - Кинга Кровка (Польша)
- 58 келі. Диас Берікбай - Исмаэль Маграуи (Испания)
- 67 келі. Төрехан Сабырхан - Акбар Ахмадов (Өзбекстан)

Кешкі сессия

- 60 келі. Толғанай Қасмымхан - Беатрис Савискайте (Литва)
- 70 келі. Мария Сидоренко - Гюль Йилмаз (Түркция)
- 81 келі. Аружан Зейноллаева - Анастасия Панина (Ресей)
- 75 келі. Санжар-Әли Бегалиев - Юрисниель Абреу (Куба)
- 92 келі. Расул Ассанханов - Куо Чао (Қытай)

Тікелей эфир сілтемесі:


"А" рингі
"В" рингі 

Фото ©️ ҚБФ