Оқи отырыңыз
Cемсерлесуден Ванкуверде өткен әлем кубогы кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы үшінші орын алды.
Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы 1bol.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстандық спортшылар Гонконг пен Италияны жеңіп, жартылай финалда Жапонияға жол берді. Қола медаль үшін тартыста Қазақстан құрамасы Франциядан басым түсті.
Алтын медальды Жапонияны финалда жеңген Венгрия құрамасы иеленді.
Айта кетейік, Қазақстан командасының құрамында Руслан Курбанов, Элмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов және Ерлік Сертай өнер көрсетті.
Фото: ҰОК