СЕГІЗ ЖАСАР ЧЕМПИОН

Уақыты: 11.12.2024
Оқылды: 336

Астана қаласындағы 86 мектеп-гимназиясының 2-сынып оқушысы Әбдіқайым Мұхаммедғали шахматтан Таиландта өткен Азия чемпионатында топ жарып, алтын медальға ие болды.


Елорда әкімдігінің мәліметінше, сегіз жасар чемпион Әбдіқайым бұған дейін шахмат ойынынан өткен «Akbulak Open-2023» халықаралық турнирінде бақ сынап, үш мәрте күміс жүлдегер атанған, әлем чемпионаттарына да қатысқан.