ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖАҢАРҒАН ҮШ ЕЛ РЕКОРДЫ

Уақыты: 12.12.2024
Оқылды: 314

Қазақстандық жүзушілер Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан қысқа қашықтыққа жүзуден әлем чемпионатында ел рекордын жаңартуды жалғастыруда.


11 желтоқсанда спортшыларымыз 4х50 метрлік аралас эстафетада жаңа рекорд жасады.

Аделаида Пчелинцева, Әділбек Мусин, Глеб Коваленя және Ксения Игнатова эстафетаны 1:42.20 уақытта аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан рекордын Софья Сподаренко (50 метр баттерфляй) және ерлер құрамасы 4х100 метр еркін стильдегі эстафетада жаңартқан еді.