"Жетісу" клубы Бразилиялық қос легионерімен қоштасты

Уақыты: 10.01.2025
Оқылды: 256

Талдықорғандық "Жетісу" клубы клубтан екі бразилиялық ойыншы кеткені хабарланды. Олар - Лукас Силва және Хавьер Лучиано.

Бұл туралы sports24.kz сайты жазды. 

Қос легионерлер талдықорғандықтар сапына 2024/25 маусым алдында қосылды. Ағымдағы маусымда Лукас Силва (7 матч, 1 гол) мен Хавьер Лучиано (4 матч, 1 ассист) өте аз ойнады.

Осыдан алдын "Жетісу" бразилиялық ойыншылар Жонатан Фелипе мен Келсон Винисиуспен келісімге келгенін хабарлаған болатын.

"Жетісу" Қазақстан чемпионатының 2024/25 турнирлік кестесінде 24 ұпаймен 4-ші орында.

Коллаж: 7-su.kz