Оқи отырыңыз
Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Англия астанасы Лондонға әйелімен бірге қоныс аударды.
Бұған дейін спортшы Лондонға тіл үйрену мақсатында кететінін мәлімдеген болатын.
Парижден келген бойда ол шетелдегі жарыстарда тілден қиналып, біршама кедергілерге тап болатынын айтқан. Енді осы кемшіліктің орнын толтырмақ. Оқу курсы 4 айға созылады.
Елдос Сметов – үш бірдей Олимпиада ойындарына қатысып, үшеуінде де жүлде алған жалғыз қазақстандық. Риода ол күміс медаль алса, Токиода жарысты үшінші орынмен аяқтады. Ал 2024 жылғы Париж Олимпиадасында чемпион атанды.