ЖЕҢІСІМДІ ТУҒАН ЖЕРГЕ АРНАЙМЫН

Уақыты: 14.01.2025
Оқылды: 259

Жаттығу жасап, спортпен шұғылданғанды жақсы көремін. Маған бокс қатты ұнайды. Бокс – бұл тек физикалық дайындықты ғана талап етпейді, сонымен қатар адамды жан-жақты дамытатын өнер. Осы саланы таңдаған себебім, ең алдымен, өзіме сенімділікті арттыру және күш-жігерімді тексеру болды. Бұл спорт мені шыдамдылыққа, тәртіпке және мақсатқа ұмтылуға үйретті.

Әр жаттығу мен жекпе-жек өз деңгейімді білуге, төзімділікті дамытуға және психологиялық тұрғыдан мықты болуға септігін тигізді. Жаттықтырушыларымның ақыл-кеңесі дұрыс болғандықтан жақсы нәтижеге қол жеткізіп келемін.

Өткен жыл мен үшін өте табысты жыл болды. Бокстан «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер» атағын алдым. 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер арасында КСРО спорт шеберлері Қияз, Нияз Тлеукеновтерді еске алуға арналған VII Республикалық турнирінде 33 келі салмақ дәрежесінде жүлделі I орынды, Аян Оңалбаевты еске алуға арналған облыстық жарыста III орынды, «AUYL SPORT – 2024» Жетісу облысының ауыл балалары арасындағы өңірлік лигада II орынды, Жезқазған қаласында өткен Тоғызбай Тажбеновты еске алуға арналған республикалық турнирде III орынды иелендім.

Жарыс жолына шыққанда әрдайым қолдап отыратын туыстарым мен достарыма айтар алғысым шексіз. Әр жеңісімді туған жеріме арнаймын.

 Нұрсейіт ЖАНАТ

«Көшкентал орта мектебі,

мектепке дейінгі шағын

орталығымен» КММ оқушысы

Ақсу ауданы